KZ | EN | RU

ЖҮЛДЕ ТУРАЛЫ

Newsky Award — қазақстандық және әлемдік медианың кәсіби журналистеріне, сондай-ақ жас тілшілер мен әлеуметтік желілердегі блог авторларына (блогерлерге) берілетін БАҚ саласындағы халықаралық сыйлық.

Newsky Award  сыйлықтары мақсаты — талантты журналистер мен үздік материалдардың авторларын анықтау және олардың сыртқы саясат пен өңіраралық келісім, мәдени және рухани құндылықтар, сондай-ақ қазақстандық және әлемдік қоғамдастықтың дамуына ықпал ететін қайырымдылық және әлеуметтік қызмет мәселелерін жария етудегі сіңірген еңбегін көтермелеу.

Сыйлық теледидар, баспасөз, радио және электронды БАҚ қызметкерлеріне, сондай-ақ блогерлерге үздік материал үшін тақырыптық аталымдар номинациялар бойынша беріледі.

Newsky Award сыйлықтары жаһандық миссиясы көпұлтты Қазақстанда және бүкіл әлемде гуманизм, тату көршілік пен келісімді өмір сүру құндылықтарын, мәдениеттер мен конфессиялар диалогын қолдауға негізделген. Толығырақ марапаттау ережелерінен оқыңыз.

Cыйлықтың міндеттері

Сыйлықты өткізу кезеңдері

10 қарашаға дейін

Өтінімдерді қабылдау

10-20 қараша

Жұмыстарды бағалау, қысқартылған тізімді құру

20-25 қараша

Сыйлық финалистерін іріктеу

30 қараша

Сыйлық жеңімпаздарын салтанатты мараптаттау рәсімі

Жүлдеге кім қатыса алады?

ҚР және басқа елдердің аумағында тіркелген, кең мақсатты аудиторияға бағдарланған және журналистік материалдарды жариялайтын БАҚ қызметкерлері

Жас тілшілер (жоғары оқу орындарының журналистика және филология факультеттерінің студенттері)

Instagram, Facebook, TikTok, Telegram әлеуметтік желілеріндегі блог авторлары (блогерлер)

Егер сіз осы критерийлердің біріне сай болсаңыз, біз сізді жүлдеге қатысуға қуана шақырамыз.

 

Өз бағыныңызды сынап, үміткерлер қатарына қосылыңыз!

 

АТАЛЫМДАР

ЖЕҢІМПАЗДАР

ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫ

Сағымбай Қозыбаев

Қазақстан Журналистика академиясының негізін қалаушы және президенті, тарих ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінің профессоры

Валерий Жандаулетов

Қазақстан Республикасының Құрметті журналисі, Қазақстан Журналистика академиясының вице-президенті

Диана Снегина

Қазақстандық теле және радио жүргізуші, журналист

БАҒДАРЛАМА БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ АРНАЛҒАН ЖЫЛ САЙЫНҒЫ NEWSKY AWARD-2023 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖҮЛДЕСІНІҢ САЛТАНАТТЫ МАРАПАТТАУ РӘСІМІ

Күні: 30.11.23

Өтетін орны: Ритц Карлтон Алматы Esentai Tower, Әл-Фараби даңғылы, 77

Уақыты: 14:00-19:00

ВремяДействия
14:00 – 14:30Қонақтардың жиналуы. Фойе аймағы
14:30 – 14:45 Залға шақыру
14:50 – 15:00Кештің салтанатты ашылуы
15:00 – 15:10Жүлде ұйымдастырушыларының құттықтау сөзі
15.10 – 15.15Ресейдің еңбек сіңірген өнер қайраткері Олег Николаевич Овчинниковтың жетекшілігімен Қазақстан Митрополиттік Округінің өнер көрсетуі
15.15Қазылар алқасы мүшелерін таныстыру
15:15 – 15:30Бірінші аталым «Сыртқы саясат және өңіраралық диалог туралы үздік материал»
15.30-15.35Абай облысы Семей қ. ББ “№3 Арнайы мектеп-интернаты” КММ «Сұлу Саз» фольклорлық ансамблі
15:35 –15:45Екінші аталым «Конфессияаралық келісім және көпмәдениетті қарым-қатынастар туралы үздік материал»
15:35 – 15:40Алматы қаласы “№4 Арнайы мектеп-интернаты” КММ «Наркескен» домбырашылар ансамблі
15:40 – 15:50Үшінші аталым «Қайырымдылық, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі туралы үздік материал»
16:00 – 16:05Абай облысы Семей қ. ББ “№3 Арнайы мектеп-интернаты” КММ «Жұлдыз» би тобының «Жасмин» биі
16:05 – 16:15Төртінші арнайы аталым «Руханият туралы үздік материал – Қазақстан Православие Шіркеуінің (ҚПШ) арнайы сыйлығы»
16.15 – 16:20Алматы қаласы «№4 Арнайы мектеп-интернаты» КММ «Ақ Көгершін» скрипкашылар ансамблі
16.20 – 16.30Бесінші аталым «Үздік жас журналист»
16.30 –16.35БҚО Орал қ. Көру қабілеті бұзылған балаларға арналған облыстық арнайы мектеп-интернаты «Nur-Naz» би ансамблі “Үкілі өрнек” қазақ биі
16.35-16.45Алтыншы аталым «Әлеуметтік желілердегі үздік блог авторы»
16.45 –16.50Абай облысы Семей қ. ББ “№3 Арнайы мектеп-интернаты” «Сырғалым» аспаптық тобы
16.50 – 17.00Жетінші аталым «Үздік видео»
17.00 –17.05БҚО Орал қ. Көру қабілеті бұзылған балаларға арналған облыстық арнайы мектеп-интернаты «Nur-Naz» би ансамблі "Прекрасная Жизнь"(Wonderful Life) заманауи биі
17.00 –17.05Сегізінші аталым «Бас редакторлар»
17.15 – 17.30Ләйла Қобыз – өнер көрсетуі
17.30-17.40Қорытынды сөз, Жалпы фото
17:40-19.00Фуршет