"NEWSKY AWARD" БАҚ САЛАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЫЙЛЫҚ ТУРАЛЫ НЕ БІЛУ МАҢЫЗДЫ
БАҚ арасындағы Nevsky Award халықаралық сыйлығы бірнеше жыл мәрте өткізіліп келеді және медиа-индустрия өкілдері арасында кеңінен танымал. Бұл мақалада біз осы сыйлық туралы толығырақ тоқталып, БАҚ пен медиа саласындағы бастамаға қатысты маңызды мәліметтерді түсіндіргіміз келеді.
Атау туралы
Newsky Award ([ньюска́й эвóрд] деп оқылады) атауы ашық аспан мен сөз бостандығын айшықтайды. Сыйлықтың символы – көгершін, бейбітшілік пен тазалықты бейнелейтін құс. 2023 жылы бұл атау сыйлық идеясының мағынасын нақтырақ жеткізу мақсатында өзгертілді (мысалы — бұрын «Nevsky Award»). Атау мен символ Newsky Award сыйлығының журналистер қауымдастығы арасында қолдау көрсетуге және ынталандыруға бағыт алған мұраттарын көрсетеді: ашықтық, ой тазалығы және бүкіл әлемде бейбітшілікті сақтау. Сыйлық жас және тәжірибелі журналистердің кәсіби қызметі және қоғамға әкелетін даралықтары мен жетістіктерін атап өтуге арналған.
Сыйлық туралы
Newsky Award Қазақстанда құрылғанымен өзіндік шекарасыз, әрі еш шеңберсіз халықаралық сыйлық болып табылады. Бірнеше жылдан бері ол әлемнің барлық елдерінен үздік медиа өкілдерін басын қосып келеді және олардың еңбегінің нәтижелерін бағалайды. Newsky Award қоғамдар, халықтар мен конфессиялар, мемлекеттер мен аймақтар арасындағы достықты нығайтуға бағыт алады. Өзекті тақырыптарды көтеру мен азаматтық қоғамның дамуына үлес қосуға арналған шынайы, өзекті журналистика да осы мақсаттарға қызмет ететіні анық.
Newsky Award сыйлыққа қатысушылардың географиялық, этникалық, мәдени немесе діни қатыстылығына да, материалдар мазмұнына да шектеу қоймайды. Сыртқы саясат пен өңіраралық диалог, руханият, конфессияаралық келісім мен көпмәдениетті қатынастар, қайырымдылық пен бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бағыттары бойынша аталымдарды ұсынады. Осы жылдан бастап «Үздік жас журналист» және «Әлеуметтік желілердегі үздік блог авторы» санаттары енгізілді.
Құрылтайшылар туралы
Сыйлықты «United Charity Projects Evolution»қоғамдық қоры ұйымдастырады. Қор бірнеше жылдар бойы қайырымдылық және әлеуметтік қызмет саласындағы маңызды бастамаларды қолдап келеді. Қор 2014 жылы құрылды және содан бері бірқатар әлеуметтік және қайырымдылық жобаларын жүзеге асырып үлгерді. Атап айтсақ:
- Көру патологиясы бар мұқтаж балалар тегін диагноз мен ем алатын Lucy клиникасы. Филиалдар Алматы мен Жезқазғанда жұмыс істейді;
- Алматы облысындағы «Солнышко» балалар үйіне қамқорлық жасау;
- Ерекше қажеттіліктері бар балаларды біріктіретін «Мұзбалақ» қоғамдастығын қолдау;
- Алматыда Н.Островский атындағы нашар көретін балаларға арналған мектепке қолдау көрсету;
- Басқа да әлеуметтік, медициналық және білім беру жобалары.
Халық арасында әлем бейнесін қалыптастырудағы журналистиканың маңыздылығын түсіне отырып, сыйлық құрылтайшылары журналистика мәртебесін көтеруге, сала мамандарын ынталандыруға және өз қызметін одан әрі дамуға ұмтылады, осылайша қоғамның дамуына елеулі үлесін қосуға ниетті.