KZ | EN | RU

"NEWSKY AWARD" БАҚ САЛАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЫЙЛЫҚ ТУРАЛЫ НЕ БІЛУ МАҢЫЗДЫ

БАҚ арасындағы Nevsky Award халықаралық сыйлығы бірнеше жыл мәрте өткізіліп келеді және медиа-индустрия өкілдері арасында кеңінен танымал. Бұл мақалада біз осы сыйлық туралы толығырақ тоқталып, БАҚ пен медиа саласындағы бастамаға қатысты маңызды мәліметтерді түсіндіргіміз келеді.

 

Атау туралы

Newsky Award ([ньюска́й эвóрд] деп оқылады) атауы ашық аспан мен сөз бостандығын айшықтайды. Сыйлықтың символы – көгершін, бейбітшілік пен тазалықты бейнелейтін құс. 2023 жылы бұл атау сыйлық идеясының  мағынасын нақтырақ жеткізу мақсатында өзгертілді (мысалы — бұрын «Nevsky Award»). Атау мен символ Newsky Award сыйлығының журналистер қауымдастығы арасында қолдау көрсетуге және ынталандыруға бағыт алған мұраттарын көрсетеді: ашықтық, ой тазалығы және бүкіл әлемде бейбітшілікті сақтау. Сыйлық жас және тәжірибелі журналистердің кәсіби қызметі және қоғамға әкелетін даралықтары мен жетістіктерін атап өтуге арналған.

 

Сыйлық туралы

Newsky Award Қазақстанда құрылғанымен өзіндік шекарасыз, әрі еш шеңберсіз халықаралық сыйлық болып табылады. Бірнеше жылдан бері ол әлемнің барлық елдерінен үздік медиа өкілдерін басын қосып келеді және олардың еңбегінің нәтижелерін бағалайды. Newsky Award қоғамдар, халықтар мен конфессиялар, мемлекеттер мен аймақтар арасындағы достықты нығайтуға бағыт алады. Өзекті тақырыптарды көтеру мен азаматтық қоғамның дамуына үлес қосуға арналған шынайы, өзекті журналистика да осы мақсаттарға қызмет ететіні анық.

Newsky Award сыйлыққа қатысушылардың географиялық, этникалық, мәдени немесе діни қатыстылығына да, материалдар мазмұнына да шектеу қоймайды. Сыртқы саясат пен өңіраралық диалог, руханият, конфессияаралық келісім мен көпмәдениетті қатынастар, қайырымдылық пен бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бағыттары бойынша аталымдарды ұсынады. Осы жылдан бастап «Үздік жас журналист» және «Әлеуметтік желілердегі үздік блог авторы» санаттары енгізілді.

 

Құрылтайшылар туралы

Сыйлықты «United Charity Projects Evolution»қоғамдық қоры ұйымдастырады. Қор бірнеше жылдар бойы қайырымдылық және әлеуметтік қызмет саласындағы маңызды бастамаларды қолдап келеді. Қор 2014 жылы құрылды және содан бері бірқатар әлеуметтік және қайырымдылық жобаларын жүзеге асырып үлгерді. Атап айтсақ:

  • Көру патологиясы бар мұқтаж балалар тегін диагноз мен ем алатын Lucy клиникасы. Филиалдар Алматы мен Жезқазғанда жұмыс істейді;
  • Алматы облысындағы «Солнышко» балалар үйіне қамқорлық жасау;
  • Ерекше қажеттіліктері бар балаларды біріктіретін «Мұзбалақ» қоғамдастығын қолдау;
  • Алматыда Н.Островский атындағы нашар көретін балаларға арналған мектепке қолдау көрсету;
  • Басқа да әлеуметтік, медициналық және білім беру жобалары.

Халық арасында әлем бейнесін қалыптастырудағы журналистиканың маңыздылығын түсіне отырып, сыйлық құрылтайшылары журналистика мәртебесін көтеруге, сала мамандарын ынталандыруға және өз қызметін одан әрі дамуға ұмтылады, осылайша қоғамның дамуына елеулі үлесін қосуға ниетті.

БАҒДАРЛАМА БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ АРНАЛҒАН ЖЫЛ САЙЫНҒЫ NEWSKY AWARD-2023 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖҮЛДЕСІНІҢ САЛТАНАТТЫ МАРАПАТТАУ РӘСІМІ

Күні: 30.11.23

Өтетін орны: Ритц Карлтон Алматы Esentai Tower, Әл-Фараби даңғылы, 77

Уақыты: 14:00-19:00

ВремяДействия
14:00 – 14:30Қонақтардың жиналуы. Фойе аймағы
14:30 – 14:45 Залға шақыру
14:50 – 15:00Кештің салтанатты ашылуы
15:00 – 15:10Жүлде ұйымдастырушыларының құттықтау сөзі
15.10 – 15.15Ресейдің еңбек сіңірген өнер қайраткері Олег Николаевич Овчинниковтың жетекшілігімен Қазақстан Митрополиттік Округінің өнер көрсетуі
15.15Қазылар алқасы мүшелерін таныстыру
15:15 – 15:30Бірінші аталым «Сыртқы саясат және өңіраралық диалог туралы үздік материал»
15.30-15.35Абай облысы Семей қ. ББ “№3 Арнайы мектеп-интернаты” КММ «Сұлу Саз» фольклорлық ансамблі
15:35 –15:45Екінші аталым «Конфессияаралық келісім және көпмәдениетті қарым-қатынастар туралы үздік материал»
15:35 – 15:40Алматы қаласы “№4 Арнайы мектеп-интернаты” КММ «Наркескен» домбырашылар ансамблі
15:40 – 15:50Үшінші аталым «Қайырымдылық, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі туралы үздік материал»
16:00 – 16:05Абай облысы Семей қ. ББ “№3 Арнайы мектеп-интернаты” КММ «Жұлдыз» би тобының «Жасмин» биі
16:05 – 16:15Төртінші арнайы аталым «Руханият туралы үздік материал – Қазақстан Православие Шіркеуінің (ҚПШ) арнайы сыйлығы»
16.15 – 16:20Алматы қаласы «№4 Арнайы мектеп-интернаты» КММ «Ақ Көгершін» скрипкашылар ансамблі
16.20 – 16.30Бесінші аталым «Үздік жас журналист»
16.30 –16.35БҚО Орал қ. Көру қабілеті бұзылған балаларға арналған облыстық арнайы мектеп-интернаты «Nur-Naz» би ансамблі “Үкілі өрнек” қазақ биі
16.35-16.45Алтыншы аталым «Әлеуметтік желілердегі үздік блог авторы»
16.45 –16.50Абай облысы Семей қ. ББ “№3 Арнайы мектеп-интернаты” «Сырғалым» аспаптық тобы
16.50 – 17.00Жетінші аталым «Үздік видео»
17.00 –17.05БҚО Орал қ. Көру қабілеті бұзылған балаларға арналған облыстық арнайы мектеп-интернаты «Nur-Naz» би ансамблі "Прекрасная Жизнь"(Wonderful Life) заманауи биі
17.00 –17.05Сегізінші аталым «Бас редакторлар»
17.15 – 17.30Ләйла Қобыз – өнер көрсетуі
17.30-17.40Қорытынды сөз, Жалпы фото
17:40-19.00Фуршет