KZ | EN | RU

Ереже

Newsky Award миссиясы: Руханият. Келісім. Конфессияаралық диалог. Әлеуметтік қызмет.

 

  1. Жалпы ережелер
    • «United Charity Projects Evolution» қоғамдық қоры Қазақстан Журналистика Академиясымен бірлесіп, Қазақстанның, сондай-ақ алыс-жақын шет елдердің БАҚ өкілдері үшін «Newsky Award – 2023» Халықаралық жүлдесін (бұдан әрі – Жүлде) жариялайды.
    • Жүлде көпвекторлы сыртқы саясат, дипломатия, ұлтаралық және өңіраралық келісім, Қазақстанның және әлемнің басқа да елдерінің көпмәдениетті ортасындағы құндылықтары мен өзара қарым-қатынастары туралы материалдарды кәсіби ұсынғаны үшін, сондай-ақ аса күрделі оқиғалар мен рухани құндылықтарды баяндағаны үшін редакция журналистеріне, жас репортерлерге және әлеуметтік желілердегі блог авторларына беріледі. Жүлде журналистік жұмысты мойындау мен ынталандырудың айғағы болып табылады.
    • Қатысушы елдердің болжамды ауқымы мен географиясы: Еуропа, Солтүстік Америка, Израиль, Жапония, Оңтүстік Корея, Өзбекстан, Армения, Ресей, Грузия, Әзірбайжан.
    • Байқаудың ұйымдастырушысы – «United Charity Projects Evolution» қазақстандық қоғамдық қоры және Қазақстан Журналистика қауымдастығы.
    • Осы ереже (бұдан әрі – Ереже) Жүлдені ұйымдастыру және өткізу тәртібін, оны ұйымдастырушылық және әдістемелік қамтамасыз етуді, қатысу және жеңімпаздарды, жүлдегерлерді анықтау тәртібін айқындайды.
  1. Жүлденің мақсаттары мен міндеттері
  • «Newsky Award – 2023» БАҚ саласындағы Халықаралық жүлдені (бұдан әрі – Жүлде) ұйымдастыру мен өткізудің мақсаты талантты журналистер мен үздік материалдардың авторларын анықтау және олардың сыртқы саясат пен өңіраралық келісім, мәдени және рухани құндылықтар, сондай-ақ қазақстандық және әлемдік қауымдастықтың дамуына ықпал ететін қайырымдылық және әлеуметтік қызмет мәселелерін көтеруге сіңірген еңбектерін ынталандыру болып табылады.

 

  • Жүлденің міндеттері
  • Журналистік шығармашылықтың үздік отандық және әлемдік үлгілерін анықтау, жалпылау және дәріптеу;
  • БАҚ редакциялары мен журналистердің Қазақстандағы және әлемнің басқа елдеріндегі сыртқы саясат, өңіраралық келісім, мәдени және рухани құндылықтар мен өзара қарым-қатынастар мәселелерін терең және жан-жақты баяндауға ынтасын арттыру;
  • Журналист мамандығының беделін арттыру, дәріптеу;
  • Журналистердің жас буынын қолдау
  1. Өткізу тәртібі
    • Өтінімдерді қабылдау мерзімі – 2023 жылғы 1 сәуірден 10 қарашаға дейін. Көрсетілген мерзімде аталған тақырыптардың бірі бойынша авторлық жұмысты ұсына отырып, өтінім беру қажет. 2023 жылғы 1 қаңтар мен 1 қараша аралығында жарияланған, эфирге шыққан, Интернет желісінде жарияланған жұмыстар қабылданады. Барлық жұмыстар бастапқы дереккөздердегі жарияланымдарға сілтемелерін қоса алғанда, электрондық түрде беріледі.
    • Жұмыстарды бағалау және қысқа тізімді қалыптастыру – 2023 жылғы 10 қарашадан 20 қарашаға дейін.
    • Жүлденің финалистерін іріктеу – 2023 жылғы 20 қарашадан 25 қарашаға дейін.
    • Жүлденің лауреаттарын салтанатты марапаттау рәсімі – 2023 жылғы 30 қараша. Жүлденің жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы The Ritz-Carlton, Almaty қонақ үйінде офлайн форматта өтеді.

 

  1. Қатысу шарттары мен номинациялары
  • Жүлдеге 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 1 қарашаға дейін баспа БАҚ-та, теле-радио эфирлерде немесе Интернет желісінде жарияланған журналистер мен блогерлердің авторлық жұмыстары қабылданады.
  • Жүлдеге қатыса алады:
  • Қазақстан Республикасының, алыс-жақын шетелдердің аумағында тіркелген, кең мақсатты аудиторияға бағдарланған және басым көпшілігі журналистік материалдарды жариялайтын бұқаралық ақпарат құралдарының журналистері мен авторлары (оның ішінде штаттан тыс).
  • Instagram, Facebook, TikTok, Telegram әлеуметтік желілеріндегі блог авторлары (блогерлер).
  • Жас журналистер (ЖОО журналистика және филология факультеттерінің студенттері)
    • Жүлдеге қатысушыны Қатысушы өзін-өзі ұсыну немесе БАҚ редакциясының ұсынуы арқылы, сондай-ақ материал авторының келісімімен Жүлдені ұйымдастырушы ұсына алады.
    • Жүлдеге бір қатысушыдан номинациялардың әрқайсысы бойынша бір өтінімнен артық қабылданбайды. Бір конкурстық материал Жүлдеге тек бір номинацияда ұсынылуы мүмкін.
    • Авторлық материалға өтінім берушінің фотосуреті және әлеуметтік желілердегі жеке парақшасына сілтеме қоса берілуі тиіс
    • Жүлдеге қатысу тегін және қатысушылар тарапынан ешқандай жарна талап етілмейді.
    • Рәсімнің тілі – қазақ, орыс, ағылшын.
  1. 5. Конкурс номинациялары

 

  1. Келесі алты номинация бойынша журналистер (авторлар) Жүлдемен марапатталады:

Негізгі номинациялар:

  1. «Сыртқы саясат және өңіраралық диалог туралы үздік материал»

Номинацияда Қазақстанның сыртқы саясаты және өңіраралық диалогы қамтылған материалдар қарастырылады (3 жүлделі орын).

  1. «Конфессияаралық келісім және көпмәдениетті қатынастар туралы үздік материал»

Номинацияда Қазақстандағы конфессияаралық келісім және көпмәдениетті қатынастар тақырыптарын қамтитын материалдар қарастырылады (3 жүлделі орын).

  1. «Қайырымдылық, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі туралы үздік материал»

Номинацияда қайырымдылық және қазақстандық бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі туралы материалдар қарастырылады (3 жүлделі орын).

Арнайы номинациялар:

  1. «Руханият туралы үздік материал»

Номинацияда адамгершілік, руханият және жалпыадамзаттық құндылықтар туралы материалдар қарастырылады (3 жүлделі орын).

  1. «Үздік жас журналист» Жаңа номинация 2023

Номинацияда жас журналистердің материалдары (жоғары оқу орындарының журналистика және филология факультеттерінің студенттері), сыртқы саясат және өңіраралық диалог, қайырымдылық, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі, сондай-ақ конфессияаралық келісім және көпмәдениетті қатынастар туралы материалдар қарастырылады (3 жүлделі орын).

  1. «Әлеуметтік желілердегі блогтың үздік авторы» Жаңа номинация 2023

Номинацияда Instagram, Facebook, ВКонтакте, TikTok немесе басқа интернет-алаңдарда блог авторларының сыртқы саясат және өңіраралық диалог, қайырымдылық, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі, сондай-ақ конфессияаралық келісім және көпмәдениетті қатынастар туралы жарияланымдары қарастырылады (3 жүлделі орын).

Жүлдеге ғылыми-әдістемелік мақалалар, оқулықтар, нормативтік-құқықтық базаға түсіндірмелер, ғылыми авторлық зерттеулер, әдістемелік әзірлемелер қатыстырылмайды.

  1. 6. Материалдарды ұсыну тәртібі

6.1. Қатысушылардың барлық номинациялар бойынша материалдары Жүлденің сайтында тіркеу үлгісі арқылы электрондық түрде ұсынылады https://newskyaward.org/. Сондай-ақ, электрондық поштаға жарияланым (сілтеме, скрин) жіберу арқылы өтінім беруге болады: media@newskyaward.org осы Ережеге №1 қосымша болып табылатын толтырылған сауалнама үлгісіне сәйкес.

6.2. Ұсынылатын материалдарға қойылатын міндетті техникалық талаптар:

  • АУДИО — жаңалықтар сюжеттері (MP3 немесе WMA форматтарында) дыбыс сапасы 48-ден 128 Кбит/с-қа дейін, ұзақтығы 5 минуттан аспайды.
  • ВИДЕО — жаңалықтар сюжеттері (AVI форматында). Ұзақтығы 10 минуттан аспайды.

Файл өлшемі 650 Мбайттан аспайды, бейнедегі дыбыс сапасы 128 Кбит/с, бейне сапасы (деректерді беру жылдамдығы) 1200 кбит/с аспайды, кадр жиілігі 25 кадр/с.

  • БАСПА БАҚ – жарияланған конкурстық материалдары бар газеттер мен журналдар (PDF форматында, PDF және Word форматындағы мақалалар), порталға интерактивті сілтеме (бастапқы дереккөз). Көлемі-10,000 баспа таңбадан аспайды.
  • ИНТЕРНЕТ-БАҚ – электрондық БАҚ, ақпараттық порталдар. Порталға интерактивті сілтеме (бастапқы дереккөз). Көлемі-10,000 баспа таңбадан аспайды.
  • Жүлдеге 2023 жылғы 1 қарашадан кешірек жіберілген материалдар ҚАРАЛМАЙДЫ.
  • Осы Ереженің талаптарына сәйкес келетін Жүлдеге ұсынылған материалдар Қазақстан Журналистика Академиясының президенті Сағымбай Қабашұлы Қозыбаевтың төрағалығымен сараптамалық кеңеске (Жүлденің қазылар алқасына) беріледі.
  • Конкурстық материалдарда техникалық ақаулардың болуы, сондай-ақ осы Ереженің талаптарына сәйкес келмеуі өтінімнің байқауға қабылданбауына әкеп соғады.
  • Ұйымдастырушылар себептерді түсіндірмеу және қатысушыларға өтінімнің қабылданбағаны туралы хабарлау құқығын өзіне қалдырады.

Конкурстық жұмыстар қайтарылмайды және рецензияланбайды.

  1. 7. Бағалау критерийлері

7.1. Конкурстық жұмыстарды бағалаудың негізгі критерийі олардың Жүлде тақырыбына сәйкестігі болып табылады: Қазақстанның көпмәдениетті және көпұлтты ортасындағы сыртқы саясат, өңіраралық келісім, мәдени құндылықтар мен өзара қарым-қатынастарға байланысты өзекті мәселелерді кәсіби жеткізу, жұртшылықтың назарын аудару және дәріптеу.

7.2. Конкурстық жұмыстарды бағалау критерийлері:

  • БАҚ-та жарияланған материалдардың өзектілігі
  • Шынайылық және ақпараттық қанықтылық
  • Материалды мақсатты аудиторияға беру стилі мен формасының сәйкестігі
  • Тақырыпты ашу тереңдігі
  • Материалды берудің өзіндік ерекшелігі мен мәнері
  • БАҚ дизайн тұжырымдамасының сапасы мен қазіргі тенденцияларға сәйкестігі
  • Жоба тұжырымдамасының өзектілігі, креативтілігі және тиімділігі (теле-радио жобалар үшін)
  1. Сараптамалық кеңес

 

8.1. Конкурстық жұмыстарды бағалау үшін Жүлдені ұйымдастырушылар мен кәсіби журналистік қоғам өкілдері, рухани конфессиялар өкілдерінен тұратын Сараптамалық кеңес (Жүлденің қазылар алқасы) құрылады.

8.2. Байқаудың қазылар алқасының толық құрамы салтанатты рәсімге екі апта қалғанда жарияланады.

  1. Авторлық құқық

 

9.1. Жүлдеге қатысатын жұмыстың авторлық құқығының сақталуына осы жұмысты Жүлдеге жіберген қатысушы жауапты.

9.2. Өз жұмысын Жүлдеге жібере отырып, авторлар автоматты түрде ұйымдастырушыларға жіберілген материалды коммерциялық емес мақсаттарда (Интернетте, баспа басылымдарында, көрме стендтерінде орналастыру) ашық қолжетімділікте пайдалану құқығын береді.

  1. Жүлде қоры

 

10.1. Жүлде қоры Жүлденің символы түріндегі естелік мүсіншеден – қола көгершін, тұғыры серпентинтин тасынан, сондай-ақ белгілі қазақстандық зергерлердің сары және ақ алтыннан, сондай-ақ күмістен жасаған төсбелгісінен тұрады.

  1. Қорытынды ережелер

11.1 Ұйымдастырушы «United Charity Projects Evolution» Қоғамдық Қоры Жүлдені өткізуді мерзімінен бұрын аяқтау немесе уақытша тоқтату құқығын өзіне қалдырады, бұл туралы ол өзінің сайтында хабарлайды https://newskyaward.org/. Жүлдені мерзімінен бұрын аяқтау немесе өткізуді уақытша тоқтату қатысушылар тарапынан наразылық танытуға негіз бола алмайды.

11.2 Ұйымдастырушы «United Charity Projects Evolution» Қоғамдық Қоры кез келген уақытта жүлде қорын, сыйлықты өткізу мерзімдері мен қатысу шарттарын өзгерту және/немесе толықтыру құқығын өзіне қалдырады, бұл туралы ол өзінің сайтында хабарлайды https://newskyaward.org/

11.3 Ұйымдастырушы «United Charity Projects Evolution» Қоғамдық Қоры Жүлденің осы ережесінде көзделген жағдайларды қоспағанда, кез келген байланыс құралдары мен тәсілдері арқылы қатысушылармен жазбаша хат алмасуға, ауызша келіссөздер мен өзге де байланыстарға түспеу құқығын өзіне қалдырады.

  1. Байланыс ақпараты
  1. 12. Өтінімдерді жинау және өңдеуді «United Charity Projects Evolution» Қоғамдық Қорының ұйымдастыру комитеті жүзеге асырады. Конкурстық материалдар электрондық мекенжай бойынша қабылданады: media@newskyaward.org және сайттағы ресми үлгі арқылы https://newskyaward.org/.

Жобаның ұйымдастыру комитеті: Моб., WhatsApp ++7 777 333 70 09

«NewskyAward – 2023» БАҚ өкілдеріне арналған

Халықаралық Жүлдесін

өткізу туралы Ережеге №1 Қосымша

Өтінім-сауалнама

*Толтыруға міндетті жолдар

Өтінім беруші (Аты-жөні толық баспа әріптерімен): *

___________________________________________________________________________

Жұмыс орны (БАҚ немесе блогплатформа атауы):*

___________________________________________________________________________

БАҚ мекенжайы (ел, облыс, қала, аудан):*

___________________________________________________________________________

БАҚ санаты

  • Баспа
  • Телевизиялық
  • Радио
  • Электрондық
  • Әлеуметтік желілер

Қатысатын номинацияңыз:*

  • «Сыртқы саясат және өңіраралық диалог туралы үздік материал»
  • «Конфессияаралық келісім және көпмәдениетті қатынастар туралы үздік материал»
  • «Қайырымдылық, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі туралы үздік материал»
  • «Руханият туралы үздік материал» АРНАЙЫ НОМИНАЦИЯ
  • «Үздік жас журналист» ЖАҢА НОМИНАЦИЯ 2023
  • «Әлеуметтік желілердегі блогтың үздік авторы» ЖАҢА НОМИНАЦИЯ 2023

Конкурстық жұмысқа сілтеме (егер материал онлайн форматта болса немесе жүктеуге сілтеме):*

_______________________________________________________________________

Егер материалыңыз офлайн-форматта жарияланса, файлды бекітуді сұраймыз (jpeg, .pdf, .png, .word, .avi., .mov, mp4 форматында 100 МБ-тан аспайтын)

__________________________________________________________________________

Өтінім берушінің электрондық мекенжайы (email): 

___________________________________________________________________________

Өтінім берушінің телефоны: 

___________________________________________________________________________

Қосымша сұрақтар бойынша жүгіне аласыз: телефон: +7 777 333 70 09 (WhatsApp), электрондық мекенжай: media@newskyaward.org

Шабыт пен сәттілік тілейміз!

NEWSKY AWARD 2023 командасы

 

Өтінім беруші _______________________________________________________

(Аты-жөні, қолы)

Өтінім толтыру күні ___________________

БАҒДАРЛАМА БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ АРНАЛҒАН ЖЫЛ САЙЫНҒЫ NEWSKY AWARD-2023 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖҮЛДЕСІНІҢ САЛТАНАТТЫ МАРАПАТТАУ РӘСІМІ

Күні: 30.11.23

Өтетін орны: Ритц Карлтон Алматы Esentai Tower, Әл-Фараби даңғылы, 77

Уақыты: 14:00-19:00

ВремяДействия
14:00 – 14:30Қонақтардың жиналуы. Фойе аймағы
14:30 – 14:45 Залға шақыру
14:50 – 15:00Кештің салтанатты ашылуы
15:00 – 15:10Жүлде ұйымдастырушыларының құттықтау сөзі
15.10 – 15.15Ресейдің еңбек сіңірген өнер қайраткері Олег Николаевич Овчинниковтың жетекшілігімен Қазақстан Митрополиттік Округінің өнер көрсетуі
15.15Қазылар алқасы мүшелерін таныстыру
15:15 – 15:30Бірінші аталым «Сыртқы саясат және өңіраралық диалог туралы үздік материал»
15.30-15.35Абай облысы Семей қ. ББ “№3 Арнайы мектеп-интернаты” КММ «Сұлу Саз» фольклорлық ансамблі
15:35 –15:45Екінші аталым «Конфессияаралық келісім және көпмәдениетті қарым-қатынастар туралы үздік материал»
15:35 – 15:40Алматы қаласы “№4 Арнайы мектеп-интернаты” КММ «Наркескен» домбырашылар ансамблі
15:40 – 15:50Үшінші аталым «Қайырымдылық, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі туралы үздік материал»
16:00 – 16:05Абай облысы Семей қ. ББ “№3 Арнайы мектеп-интернаты” КММ «Жұлдыз» би тобының «Жасмин» биі
16:05 – 16:15Төртінші арнайы аталым «Руханият туралы үздік материал – Қазақстан Православие Шіркеуінің (ҚПШ) арнайы сыйлығы»
16.15 – 16:20Алматы қаласы «№4 Арнайы мектеп-интернаты» КММ «Ақ Көгершін» скрипкашылар ансамблі
16.20 – 16.30Бесінші аталым «Үздік жас журналист»
16.30 –16.35БҚО Орал қ. Көру қабілеті бұзылған балаларға арналған облыстық арнайы мектеп-интернаты «Nur-Naz» би ансамблі “Үкілі өрнек” қазақ биі
16.35-16.45Алтыншы аталым «Әлеуметтік желілердегі үздік блог авторы»
16.45 –16.50Абай облысы Семей қ. ББ “№3 Арнайы мектеп-интернаты” «Сырғалым» аспаптық тобы
16.50 – 17.00Жетінші аталым «Үздік видео»
17.00 –17.05БҚО Орал қ. Көру қабілеті бұзылған балаларға арналған облыстық арнайы мектеп-интернаты «Nur-Naz» би ансамблі "Прекрасная Жизнь"(Wonderful Life) заманауи биі
17.00 –17.05Сегізінші аталым «Бас редакторлар»
17.15 – 17.30Ләйла Қобыз – өнер көрсетуі
17.30-17.40Қорытынды сөз, Жалпы фото
17:40-19.00Фуршет