KZ | EN | RU

«NEWSKY AWARD» БАҚ САЛАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЫЙЛЫҒЫНА ҚАТЫСУҒА ӨТІНІМДЕРДІ ҚАБЫЛДАУ ЖАЛҒАСУДА

«NEWSKY AWARD» БАҚ САЛАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЫЙЛЫҒЫНА ҚАТЫСУҒА ӨТІНІМДЕРДІ ҚАБЫЛДАУ ЖАЛҒАСУДА

«Newsky Award» БАҚ саласындағы халықаралық сыйлығына қатысуға өтінімдерді қабылдау жалғасуда. Кәсіби және жас журналистер, сондай-ақ әлеуметтік желілердегі блог авторлары 2023 жылғы 10 қарашаға дейін newskyaward.kz ресми сайтында өтінімдерін бере алады.

Сыйлыққа 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2023 жылғы 1 қарашаға дейін баспасөзде, теле- және радио-эфирде немесе Интернет желісінде жарияланған журналистердің авторлық жұмыстары қабылданады.

Newsky Award сыйлығының негізгі мақсаты — талантты журналистер мен үздік материалдардың авторларын анықтау және олардың сыртқы саясат пен өңіраралық келісім, мәдени және рухани құндылықтар, сондай-ақ қазақстандық және әлемдік қоғамдастықтың дамуына ықпал ететін қайырымдылық және әлеуметтік қызмет мәселелерін жария етудегі сіңірген еңбегін көтермелеу.

Сыйлық алты аталым бойынша беріледі:

  1. Сыртқы саясат және аймақаралық диалог туралы үздік материал
  2. Конфессияаралық келісім және көпмәдениетті қатынастар туралы үздік материал
  3. Қайырымдылық, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі туралы үздік материал
  4. Арнайы аталым «Руханият туралы үздік материал». Арнайы аталым
  5. «Үздік жас журналист». Арнайы аталым 2023 ж.
  6. «Әлеуметтік желідегі үздік блог авторы». Арнайы аталым 2023 ж.

 

«Newsky Award-тың» бірден-бір ерекшелігі — сыйлыққа бүкіл әлем бойынша үміткерлердің қатыса алуында. Сонымен қатар, биыл көпвекторлы сыртқы саясат, дипломатия, ұлтаралық және өңіраралық келісім, рухани құндылықтар, түрлі елдердің көпмәдениетті ортасындағы қарым-қатынастар және тарихи оқиғалар тақырыптар трасында қалам тербейтін жас тілшілер мен қоғамдық пікір көшбасшылары үшін арнайы аталымдар белгіленді.

Сыйлыққа қатыстырылатын жұмыстарды тәуелсіз қазылар алқасы бағалайды, ал оның құрамына саланың еңбек сіңірген қайраткерлері, беделді журналистер мен медиа-мамандар кіреді.

Сыйлықтың қорытындысында әр аталым бойынша жеңімпаздарға көгершін сұлбасындағы бағалы металдардан жасалған естелік мүсіншесі мен төсбелгі табыс етіледі.

Өздеріңіз білетіндей, зәйтүн бұтағы тұмысығына қыстырған көгершін бейбітшіліктің символы болып табылады. Мұндай ерешелік сыйлықтың жаһандық миссиясымен байланысты, ал ол гуманизм, тату көршілік пен үйлесімді өмір сүру құндылықтары, көпұлтты Қазақстанда және бүкіл әлемдегі мәдениеттер мен конфессиялардың диалогын қолдауға негізделген.

Сыйлықты ұйымдастырушылар —  «United Charity Projects Evolution» қоғамдық қоры және Қазақстан Журналистика академиясы.

Сіздерді «Newsky Award» сыйлығына қатысуға шақырамыз! Өз бағыныңызды сынап, үміткерлер қатарына қосылыңыз!

 

БАҒДАРЛАМА БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ АРНАЛҒАН ЖЫЛ САЙЫНҒЫ NEWSKY AWARD-2023 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖҮЛДЕСІНІҢ САЛТАНАТТЫ МАРАПАТТАУ РӘСІМІ

Күні: 30.11.23

Өтетін орны: Ритц Карлтон Алматы Esentai Tower, Әл-Фараби даңғылы, 77

Уақыты: 14:00-19:00

ВремяДействия
14:00 – 14:30Қонақтардың жиналуы. Фойе аймағы
14:30 – 14:45 Залға шақыру
14:50 – 15:00Кештің салтанатты ашылуы
15:00 – 15:10Жүлде ұйымдастырушыларының құттықтау сөзі
15.10 – 15.15Ресейдің еңбек сіңірген өнер қайраткері Олег Николаевич Овчинниковтың жетекшілігімен Қазақстан Митрополиттік Округінің өнер көрсетуі
15.15Қазылар алқасы мүшелерін таныстыру
15:15 – 15:30Бірінші аталым «Сыртқы саясат және өңіраралық диалог туралы үздік материал»
15.30-15.35Абай облысы Семей қ. ББ “№3 Арнайы мектеп-интернаты” КММ «Сұлу Саз» фольклорлық ансамблі
15:35 –15:45Екінші аталым «Конфессияаралық келісім және көпмәдениетті қарым-қатынастар туралы үздік материал»
15:35 – 15:40Алматы қаласы “№4 Арнайы мектеп-интернаты” КММ «Наркескен» домбырашылар ансамблі
15:40 – 15:50Үшінші аталым «Қайырымдылық, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі туралы үздік материал»
16:00 – 16:05Абай облысы Семей қ. ББ “№3 Арнайы мектеп-интернаты” КММ «Жұлдыз» би тобының «Жасмин» биі
16:05 – 16:15Төртінші арнайы аталым «Руханият туралы үздік материал – Қазақстан Православие Шіркеуінің (ҚПШ) арнайы сыйлығы»
16.15 – 16:20Алматы қаласы «№4 Арнайы мектеп-интернаты» КММ «Ақ Көгершін» скрипкашылар ансамблі
16.20 – 16.30Бесінші аталым «Үздік жас журналист»
16.30 –16.35БҚО Орал қ. Көру қабілеті бұзылған балаларға арналған облыстық арнайы мектеп-интернаты «Nur-Naz» би ансамблі “Үкілі өрнек” қазақ биі
16.35-16.45Алтыншы аталым «Әлеуметтік желілердегі үздік блог авторы»
16.45 –16.50Абай облысы Семей қ. ББ “№3 Арнайы мектеп-интернаты” «Сырғалым» аспаптық тобы
16.50 – 17.00Жетінші аталым «Үздік видео»
17.00 –17.05БҚО Орал қ. Көру қабілеті бұзылған балаларға арналған облыстық арнайы мектеп-интернаты «Nur-Naz» би ансамблі "Прекрасная Жизнь"(Wonderful Life) заманауи биі
17.00 –17.05Сегізінші аталым «Бас редакторлар»
17.15 – 17.30Ләйла Қобыз – өнер көрсетуі
17.30-17.40Қорытынды сөз, Жалпы фото
17:40-19.00Фуршет